«Тараз» сербиялық футболшымен келіссөздер жүргізуде

05.05.2021, 03:24
Футболшы «Партизан» клубында тәлім алған.
«Тараз» сербиялық футболшымен келіссөздер жүргізуде

Aladop.kz сайтына белгілі болғандай, жамбылдық "Тараз" клубы сербиялық жартылай қорғаушы Лазар Сайчичпен келіссөздер жүргізуде. 24 жастағы футболшы шабуыл шебінде де ойнай алады.

Белградтық "Партизанның" тәрбиеленушісі Сербияда "Телеоптик" пен "Синджелич" командаларында жалдау шарты бойынша өнер көрсеткен. Одан бөлек "Ягодина" мен "Борац" клубында доп тепті.

2018 жылы чехиялық "Динамо" сапына қосылды. Ойыншының соңғы клубы белоруссиялық "Гомель" болды. Сайчич осы маусымда мүмкін болған жеті ойынның бесеуіне қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Егер келіссөздер сәтті аяқталса, футболшы жақын арада Қазақстанға келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×