Темірлан Әміров: «Біз талай жеңістерге жететін боламыз»

05.05.2021, 03:58
Темірлан «Қайсармен» өткен ойында өзінің осы маусымдағы алғашқы голын соққан еді.
Темірлан Әміров: «Біз талай жеңістерге жететін боламыз»

"Тұран" клубының шабуылшысы Темірлан Әміров "Ордабасымен" өткен ойын (0:1) туралы пікір білдірді. Темірлан осы кездесуде жалғыз әрі жеңісті голды соққан еді.

- Темірлан, жеңістеріңмен құттықтаймын! Доптың қарсыластар қақпасына дəл түсетіндігін сездің бе?

- Рахмет. Шынымды айтсам, түйсік арқылы гол соғатынымды өзім де білдім. Сол сәтте қақпаның алды ашық қалған болатын. Мен гол соғатыныма сенімді едім. 

Бас бапкер бұған дейін мені ойын тактикасын өзгертеді деп сенім білдірді. Біздің командамыздың жеңісті сəттері əлі алда. Əлі талай рет жанкүйерлерімізді қуантатын боламыз. Сіздер оған кəміл сеніңіздер. 

Мен, Шымкент қаласындағы №7-ші футбол мектебінің түлегімін. Түркістан облысы, Созақ ауданы, Тайқоңыр елдімекенінің перзентімін. Кішкентай кезімде кіші футболмен айналыстым. 

Айта кетерлігі, командаластарымды жеңіске жетелеген бүгінгі жетістігім мен үшін өте маңызды. Жанкүйерлерім жақсы біледі, бұған дейінгі ойындарында "Түркістан-Арена" стадионында алғашқы голымды соққан едім. Бірақ, бүгінгі голым маңызды болды. Командаға жеңіс әкелді.

Сөздің реті келгенде айта кетейін, "Тұран" командасына, яғни бізге биылғы Қазақстан чемпионатында үлкен сенім артылды. Біз сол сенімді ақтайтын боламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×