11-24 ақпан аралығында өтетін өзінің үшінші оқу-жаттығу жиындарын бастап кеткен "Тараз" футбол клубы осы жақында ғана жолдастық кездесу өтті. Түркия жерінде ресейдің "Ска-Энергия" командасын ұтты. Есеп 1:0.Биылғы маусымға дайындықты жаңа жылдан соң бастаған тараздықтар осыған дейін 8 кездесу өткізді. Жолдастық ойындардың 3-еуінде жеңіске жетіп, 2 ойында тең түсті. Сапына алыс-жақын шетелдерден ойыншылар алып жатқан командадан Ұлан Қонысбаев кетіп қалғанын айта кету керек. Ол енді астаналық "Локомотив" сапында өнер көрсететін болады. Ал оның орнына аталмыш клубтан Роман Похалюк келді.