«Тараз» тағы бір ойыншымен толықты

29.07.2020, 00:33
«Тараз» бұл маусымда қазақстандық ойыншыларға сенім артпақ.
«Тараз» тағы бір ойыншымен толықты

28 жастағы жартылай қорғаушы Бауыржан Байтана "Таразбен" келісімшартқа отырды.

Жартылай қорғаушы 30-шы нөмірмен ойнайтын болады. Жамбыл футболының тәрбиеленушісі Бауыржан Байтана 2009 жылы "Таразда" алғашқы ойынын өткізген болатын. Одан кейін ол «Атырау», «Сұңқар», «Ақтөбе», «Тобол», «Қайрат» және «Шахтер» клубтарында доп тепті. Премьер-лиганың соңғы маусымында Байтана 12 матч өткізіп, 1 рет нәтижелі паспен көзге түскен екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×