Тараз топ бастады

08.04.2013, 23:03
Тараз топ бастады

Футболдан Қазақстан премьер лигасының 4-туры аясында Елордалық «Астана» командасы өз алаңында  Өскеменнің «Восток» командасын қабылдады. Қарсыластар терезесі тең өнер көрсеткенімен, 3 ұпайға Мирослав Беранек шәкірттері қол жеткізді. Бұл астаналықтардың «Астана-Аренадағы» алғашқы жеңісі болатын.

1-таймда «Астана» сапында көзге түскен 2 ойыншы болса соның бірі Дамир Кояшевич. Черногориялық легионер «Восток» қорғанысына тайм бойы тыным бермеді. Нестеренко қорғаған қақпаны бірнеше мәрте Таңат Нөсербаев та нысанаға алып көрді. Бірақ ешқандай нәтиже шықпады.

Әр құрлықтан жиналған легионерлер командасын жасақтаған Владимир Фомичев «Востоктың» осы ойында 1 ұпайға тоқмейілсейтінін аңғартты. Қорғаныс мәселесін күштеп қолға алған өскемендіктер ойынның 82 минутына  дейін тең есепті ұстап тұрды. Алаңға екінші таймда белсене кірген Марат Шахметов Беранектің үмітін ақтап, баспен керемет гол соқты. Әдемі, әрі маңызды болған бұл голды астаналықтар ерекше тойлады.

Осы кездесуден кейін 7 ұпай жинаған «Астана» 3-орынға бірақ көтерілді. Оның басты себебі өзге ойындардың тең нәтижемен аяқталғанында болып отыр. Қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Ақжайықты» ұта алмады. Есеп 1-1. Ал Повладардағы, Атыраудағы, Талдықорғандағы кездесулерде есеп мүлде ашылмады. 4-турдың басты жаңалығы болған «Тараз» - «Қайрат» кездесуінде Әулиеаталықтар жеңіске жетті. Мануэль Курто мен Абдуллай Диакатенің соққан голдарының арқасында «Тараз» турнир кестесінде топ бастады. Кезекті 5-тур ойындары 14 сәуір күніне жоспарланған. 5-турда Ұлттық арна назарларыңызға «Қайрат» - «Тобыл» арасындағы ойынды ұсынбақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Ертіс - Ақтөбе. 4-тур
Келесі жаңалық
"Барса" 2 гол соғуы тиіс
Серіктес жаңалықтары
×