Таразда орталық стадион қалпына келтіріледі

17.11.2011, 19:14
Таразда орталық стадион қалпына келтіріледі
Таразда келесі жылы орталық стадион қалпына келтіріледі, деп хабарлады «Тараз» футбол клубының президенті Андрей Савченко. «Қаржы облыстық бюджеттен қарастырылған. Негізінде, біз Еуропалық Футбол Қауымдастықтарының одағы УЕФА талаптарына жауап беретіндей дыбыс шығарғышы бар жаңа жарықтандырғыш орнатамыз. Сонымен бірге, жоспарда мінберлердің үстіндегі шатырдың және баспасөзге арналған қазіргі заманғы ложаның құрылысы бар», - деді ол. А.Савченконың айтуынша, алаңда болашақта тек қана шеберлер клубы командалары ғана емес, сонымен бірге дайындық тобының жас командалары да жаттыға алады. «Сонымен қатар, екі жаттығу алаңы бар спорттық база, қонақүй, мейрамхана, спортзал, киім шешетін бөлме және монша да салынады», - деп түйіндеді ол сөзін. Ақпарат Bnews.kz сайтынан
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×