КРИШТИАНУ РОНАЛДУ ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАДЫ

17.11.2011, 19:16
КРИШТИАНУ РОНАЛДУ ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАДЫ

Футболдан Польша мен Украина жерінде өтетін ЕУРО-2012 додасына баратын командалар толықтай белгілі болды. Өткен түнде өткен електік ойындар нәтижесі бойынша Португалия, Хорватия, Чехия және Ирландия құрамалары мықтылардың мықтысын анықтайтын жарысқа қатысушылар қатарына қосылды. Харваттар,чехтар және ирландықтар жолдама тағдырын алғашқы ойында шешіп тастаған. Қарымта ойында күтпеген нәтиже тіркеле қоймады. Харватия өз алаңында Түркиямен тең түссе, Чехия Черногория жерінде өткен ойында алаң иелерін қапыда қалдырды. Ал Эстонияның «қиял-ғажап ертегісі» Ирландия жерінде аяқталды. Бірінші ойындағы төрт гол айырмашылығын қысқарту мүмкін емес екендігін бас бапкердің өзі ойын алдында мойындаған болатын. 1-1 есебі Дублиндегі таблода тіркеліп теке –тірестің жеңімпазы ретінде Ирландия танылды. Ең қызық ойын Португалия мен Босния Герцоговина арасында өтті. Алғашқы ойында есеп аша алмаған қос мықта бар мәселені келесі 90 минутқа қалдырған болатын. Португал жерінде болған ойында жанкүйерлер голға қарық болды. Лиссабон. Стадион "Да Луж" Португалия - Босния Герцеговина - 6:2 (2:1) Голдар: Роналду 7', 52', Нани 24', Мисимович 39' (пен), Спахич 63', Поштига 73', 82', Велозу 81' Португалия: Патрисиу, Велозу, Алвеш, Пепе, Коэнтрау, Моутиньо, Мейрелеш (Микаэл 61'), Роналду, Нани (Куарежма 83'), Поштига (Мартинш 84') Босния Герцеговина: Бегович, Папач, Яхич, Спахич, Пьянич (Бешич 65'), Мисимович, Лулич, Медуньяин, Захирович, Рахимич (Малетич 56'), Джеко Ескерту алғандар : Спахич 17', Поштига 34', Коэнтрау 38', Рахимич 41', Медуньяин 51', Лулич 53', Джеко 66', Микаэл 79', Папач 80' Алаңнан қуылды: Лулич 55' Сонымен ЕУРО -2012 баратын командалардың толық тізімі төмендегідей: Польша, Украина, Испания, Англия, Германия, Грекия, Дания, Ирландия, Италия, Нидерланды, Португалия, Ресей, Франция, Хорватия, Чехия, Швеция. Дереккөз: today.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×