26 жастағы қорғаушы Мадияр Нұралы мен 22 жастағы шабуылшы Думан Тұрсынбай "Тараз" клубынан кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Нұралы "Тараз" сапында 2015 жылдан бері ойнап келеді және Премьер-лигада 34 матч өткізген. Жамбыл футболының тағы бір шәкірті Тұрсынбай соңғы екі маусым бойы "Алтай" мен "Оңтүстік" академиясында ойнады. Екі футболшы да "Тараздың" оқу-жаттығу жиынына қатысып жүрген еді, бірақ клуб олардың қызметінен бас тартты.
Бұған дейін жамбылдық клуб сапынан Деян Больевич ("Алашкерт", Армения), Йован Чадженович, Братислав Пуношевац, Горан Бркич ("Тузла Сити", Босния және Герцеговина), Михаил Мищенко, Аюб Бацуев, Овидиус Вербицкас ("Жальгирис"), Тони Сильва және Серж Ньюадзи кеткен еді.
Біздің серіктес: FONBET