«Таразға» трансферлік шектеу қойылуы мүмкін

12.07.2022, 22:37
Жамбылдық клубқа жағдайды түзету үшін мүмкіндік берілді.
«Таразға» трансферлік шектеу қойылуы мүмкін

«Тараз» клубына трансферлік тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

2021 жылғы маусымда жамбылдық команда сапында өнер көрсеткен шетелдік футболшылар жалақы төленбегендіктен ФИФА-ға шағымданған екен. Ал футбол органы легионерлердің пайдасына шешім шығарды.

«Таразға» ағымдағы жағдайды түзетуге біршама уақыт беріледі, бірақ шағымданған футболшылардың ақшасын бермеген жағдайда, клубқа трансферлік шектеу қойылады.

Еске салайық, қазір Премьер-лигада бақ сынайтын «Ақсу» мен «Ордабасы» клубтары жаңа ойыншыларды қатарына қоса алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×