Темірлан Ерланов бұрынғы командасына қайта оралуы мүмкін

18.02.2021, 03:35
Темірланның «Тобыл» клубымен келісім-шарты аяқталған.
Темірлан Ерланов бұрынғы командасына қайта оралуы мүмкін

Қазақстан құрамасының негізгі қорғаушысы Темірлан Ерланов "Тобыл" орналасқан жерден кетіп, өзінің бұрынғы клубы - "Ордабасының" оқу-жаттығу жиынына қосылды, деп хабарлайды Айдын Қожахмет.

Ерланов қостанайлық клуб сапында мүлдем қалғысы келмеді. Бұл мәселе ақшаға байланысты емес. Ерлановтың мұндай шешім қабылдауына өзіндік себептері болды.

Темірлан Ерланов өткен маусым басталар тұста "Тобыл" клубына ауысқан еді. Қостанайлық клуб жейдесінде 17 матчқа қатысып, 1 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Қазақстан құрамасында екі матч өткізді.

Еске салайық, Темірлан 2015-2019 жылдар аралығында "Ордабасы" клубының намысын қорғаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×