Армения құрамасы мен «Астана» клубының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян қазақстандық клубтан кететінін айтты.
- Сізге бірнеше неміс клубтары қызығушылық танытып отыр. Осы туралы айтып бересіз бе?
- Мен 99%-ға командадан кететінімді айтқым келеді. Мейлі жаттығу болсын, мейлі ойын болсын, мен Қазақстанда өсіп жатқан жоқпын. Басқа клубқа ауысу мәселесіне келетін болсақ, шынымды айтсам, мен бұл жайлы ештеңе білмеймін, маған мың адам жазады және қоңырау шалады. Сіз өзіңіз де агенттерге сенуге болмайтынын білесіз (жымиып).
Екіншіден, әзірге ештеңе анық емес. Мен өтірік айтпаймын, өйткені мен басқа клубтармен келісім-шарт жасасқан жоқпын. Егер бәрі ойдағыдай болса, онда командамды ауыстырамын, кететін уақыт келген секілді.
Біздің серіктес: FONBET