ТИМОЩУК "ЗЕНИТКЕ" ҚАЙТА ОРАЛДЫ

03.06.2013, 19:38
ТИМОЩУК "ЗЕНИТКЕ" ҚАЙТА ОРАЛДЫ
тимаТәуелсіз Украина футбол тарихындағы әйгілі Андрей Шевченкодан кейінгі танымал футболшылардың бірі Анатолий Тимощук Ресейге қайта оралды. "Бавария" жартылайқорғаушысы петербургтік "Зенит" командасына қайта келді. "Зенитпен" келісім-шарты екі жылға есептелген. Ал бірінші шілдеге дейін ол әлі де "Бавария" ойыншысы.

Тимощук үшін питерлік клуб бөтен емес. 2007-2009 жылдар аралығында ол команда капитаны болған. Осы уақытқа дейін 34 жасар хавбек "Зенит" сапында 67 ойын өткізіп, 10 голдың авторы атанған. Сондай-ақ 2007 жылы премьер-лигада чемпиондық атақты жеңіп алған. 2007/8 жылғы Уефа Кубогінің жеңімпазы. 2008 ылы Суперккубокті басына көтерген. "Бавария" сапында 2009-дан бері 86 ойында 4 голмен көге түскен. Неміс командасында ол 2 рет бундеслига чемпионы мен өткен аптада "Уембли" стадионында дортмундық "Боруссияға" қарсы ойында 2:1 есебімен алға шығып, чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×