Қызылорданың "Локомотив" стадионында төрт күн бойы футболдан дәстүрлі турнир өтті. Қазақ футболының аңызы Тимур Сегізбаевтың жүлдесі үшін өткен дүбірлі додаға 1999-2000 жылғы жеткіншектер қатысты.
Турнирге Тимур Санжаұрлы мен Клара апамыз да көрермен ретіндеқатысып, дүбірлі додаға одан әрі әр бере түсті. Ал аңыз футболшымен суретке түсуге әркім-ақ құмартып, қолдауымен жігер алды.
Байқоңыр, Қызылорда, Шымкент және Сыр өңірінің басқа да аймақтары бар, турнирге барлығы 12 команда қатысты. Өте тартысты, әріқызықты өткен ойындардың нәтижесінде жартылай финалға төрт ұжым жолдама алды. Одан кейін жартылай финалда байқоңырлықтар Жаңақорғанның жеткіншектерін 3:2 есебімен тізе бүктірсе, Қызылордақаласының командасы аралдықтарды 3:1 есебімен жеңді. Үшінші орынүшін өткен ойын да өте тартысты өтіп, жаңақорғандықтар Арал ауданының командасынан 3:2 есебімен басым түсті. Дегенмен, финалдағарыштық аймақтың командасын жеңі Қызылорда қаласыныңжеткіншектеріне еш қиындық туғызбады. Есеп - 7:4.
Айтпақшы, марапаттау рәсімі Бірінші лига аясындағы "Қайсар" - "Лашын" кездесуінің үзілісі кезінде өткені де турнирге өзіндік әр берді. Ал арнайы жүлделер мен сыйлықтарды үздіктерге Тимур Сегізбаевтың өзі,ҚФФ вице-президенті Виктор Катков, облыс әкімінің орынбасары НұржанӘлібаев және аймақтық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, облыстық футбол федерациясының вице-президенті Болат Көшербаев табыстады.
Турнир үздіктері.
Үздік қақпашы – Азамат Әлиасқар (Қызылорда), үздік қорғаушы — Нұрсұлтан Өзбекбаев (Байқоңыр), үздік жартылай қорғаушы – Еркебұлан Кенжебай (Жанақорған), үздік шабуылшы — Қазбек Сабырбаев (Арал), Үздік ойыншы — Нұрдәулет Әмірбек (Қызылорда).
Біздің серіктес: FONBET