«Тобыл» екінші оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанды

08.02.2021, 23:00
Команда Түркияда екі апта ғана жаттығады.
«Тобыл» екінші оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанды

Бүгін "Тобыл" футбол клубы Түркияда өтетін екінші оқу-жаттығу жиынына аттанады.

Қостанайлық команда алдымен Алматыға ұшып барады, содан кейін Стамбулға жол тартпақ. Одан әрі екінші оқу-жаттығу жиынын өткізу жоспарланған жерге (Антальяға) ұшатын болады. Сәрсенбіде команда қонақ үйге орналасуы тиіс.

Түркияға аттанатын ойыншылардың тізімі де белгілі болды:

Қақпашылар: Мокин, Бусурманов, Цуприков;

Қорғаушылар: Әбілғазы, Малый, Марочкин, Аманович, Ерланов, Асранкулов, Мирошниченко;

Жартылай қорғаушылар: Семченков, Жумашев, Жакупов, Шерстов, Нұрғалиев, Мужиков, Валиуллин, Жарынбетов, Тағыберген, Манзорро, Фонсека;

Шабуылшылар: Өміртаев. 

Екінші жиында жаттықтырушылар штабы бақылау ойындарын өткізіп, жаңадан келген ойыншыларды қарауды жоспарлап отыр. Вице-чемпиондардың Анадолы жеріндегі дайындығы 10 ақпаннан 24 ақпанға дейін жалғасады. Ожан кейін қостанайлық клуб Қазақстанға оралып, Суперкубок ойындарына дайындалатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×