«Тобыл» мен «Локомотив» футбол клубтаты арасындағы жолдастық кездесу 0:0 есебімен аяқталды

12.02.2012, 02:18
«Тобыл» мен «Локомотив» футбол клубтаты арасындағы жолдастық кездесу 0:0 есебімен аяқталды
  Кеше Түркияның Белек қаласында Сергей Масленов жаттықтыратын Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы кезекті жолдастық кездесуін өткізді.
Олардың бұл жолғы қарсыласы Болгарияның «А» тобында өнер көрсететін Пловдив қаласының «Локомотив» командасы болды. Өткен маусымда қостанайлықтар Қазақстан Премьер лигасында 7-орын алса, пловтиктер өз елінде үздік бестіктің қатарынан көрінген еді. Бұл кездесуде ешкім есеп аша алмай, екі жақ тең ойынды қанағат тұтты. «Тобыл» соңғы жолдастық кездесуін енді 13 ақпанда Сербияның  «Раднички» клубымен өткізеді.  Жалпы бұл елдің бірнеше қаласында «Раднички» деген  команда бар.  Қостанайлықтардың бұл жолғы қарсыласы Ниш қаласындағы Сербияның Екінші лигасында ойнайтын  құрдастары болмақ. Негізі 1923 жылы 23 сәуірде қаланған бұл команданың 60 мың адамдық стадионы бар. Никола Матиевич жаттықтыратын ништіктер 2009/2010 жылы Бірінші лигаға оралғанмен,  15 орын алып 2010/2011 жылдары қайтадан Екінші лигаға  түсіп қалған болатын. Команданың өз тарихындағы ең  үлкен жетістері  өткен ғасырдың еншісінде. Атап айтқанда олар 1979/1980, 1980/1981 жылдардағы маусымда қатарынан 2 рет Югославия чемпионатының қола жүлдері, 1981/1983 жылдардағы маусымда УЕФА кубогының жартылай финалисі, ал 1975 жылы Балқан кубогының иегері болған еді http://www.inform.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×