"Тобыл" - "МИКА" онлайн репортаж

16.01.2011, 21:06
"Тобыл" - "МИКА" онлайн репортаж
1 мин. Ойынның басталуына төреші ысқырығын шалып, белгі берді. Вячеслав Харламов бастаған төрешілер бүгінгі ойынға қазылық етпек. Оның көмекшілері де Ресейден. 5 мин. Армениялық команданың шабуылшысы Демел гол ұратын мүмкіндікті мүлт жіберді. Бұл жерде Петуховтың қателігін айта кету керек. 7 мин. Мандриченко ойындағы алғашқы сары қағазды алып үлгерді. "МИКА"10 мин. Армениялықтардың басымдылығы байқалуда. Бұрыштама добы қостанайлықтардың қорғаушыларының еншісінде. Олар әрі сақ, әрі өте таза ойнауда. 12 мин.  Лайзанс сары қағаз алды. Бұл жөнінде есеп теңесті. 15 мин. "Тобыл" енді ғана ес жиып, қарымта шабуыл жасауға көшті. 17 мин. Қазақстандықтар бұрыштама добын бергенімен еш нәт иже болмады. 20 мин. Лайзанс бастаған шабуыл қауіпті соққыға жеткізбеді. 22 мин.  Ойынның көп бөлігінде қостанайлықтар допқа иелік етуде. 23 мин. Савенастың соққысы қақпадан сәл ғана қиыс кетті. "Тобыл" шабуылда. 24 мин. Гол!  Н.Бегарян Петуховпен бірге бір шығып, ойынның есебін ашты. 0:1. 25 мин. Сабитов алаң жиегінде Савентастың жарақатына қарап отыр. 28 мин. Есепті теңестіруді ойлай бастаған жерлестеріміз алға қарай ұмтылуда. 30 мин.  Гол соғатын тамаша мүмкіндікті "Тобыл" мүлт жіберді. 35 мин. Айып добы қорғаушыға тиіп алаң сыртына кетті. 37 мин. Алаң ортасында Лайзанстың доппен жүрісі әріпсетсеріне еш көмек берер емес. Десе де, Досмағанбетов Тимурдың соққысы қақпа бағанынан қиыс кетті. 40 мин. 1-таймның соңына дейін есепті теңестіруді көздеген отандастарымыз қауіпті жағдай тудыртуда. Лайзанс пен Гребистің соққылары нысанаға дәл тиер емес. 42 мин. "Тобылдың" легионерлері ойынның негізгі көрінісінде ерекше көрінуде. 45 мин. Савенас керемет соққы бағыттағанымен қақпадан сантиметр ғана қиыс кетті. 45 мин +. Қосымша миніттарда біздің жігіттерге ештеңе бере алмады. Есеп сол қалпы 0-1. "Тобыл" еліміздің абыройын асқақтатып кеше ғана Өзбекстан чемпионын ұтқан еді. Сол кездесуден кейін шаршаңқырап қалғандай әсерде жүргенімен, армениялықтарды ұтуға болатыны көрініп тұр. 2-тайм. 46 мин. Екінші таймға Грибистің орнына Рашкович шықты. 50 мин. Ойын басталғандағыдай армениялықтар үзілістен кейін де шабуылдарын жалғастыруда. 51мин. Қостанайлықтар есепті теңестірді. Голдың авторы Ю. Юрин 54 мин. Қауіпті сәт бірақ, Петухов өз орнында 57мин. "Тобыл" сапында ойыншы ауысты Савенастың орнына Волков кірді. 59мин.  Гооол "МИКА" командасы тағы алға шықты. Голдың авторы Демел 63 мин. Қазақстандықтар ойынның өту барысын өз қолдарына алып жатыр. 67мин. Армениялықтар уақыт созу үстінде. 68мин. Қос команда сапында да алаңға тың ойыншылар қосылды. 70мин. Арараттан келген ағайын қазақтарды аяды ғой деймін, ашық қақпаға сала алмады допты. 72мин. Гооооллл!!! Бәрекелді! "Тобылдың" сапындағы жаңа ғана алаңға шыққан Волков есепті теңестірді. 75мин. Атам қазақ намыстан өлген бе?" Тобылдықтардың" екінші демі ашылғандай, ойын жаңа бағыт алып келеді. 77мин. Қуантаев гол соқса, барша қазақ қол соғар еді... 79мин. Жер болар тағы бір сәттен аман шықтық... 82мин. "Тобылдықтардың" бойында әл, ойында сән қалмай барады. 84мин.  "Тобылдықтар" соққы жасауда. Алайда бұндай соққымен қақпашының апасын қорқытқысы келді ме, түсінбедік. 86мин. "Сабыр, жігіттер. Енді төрт минут шыдасаңдар болды" деуде Равиль Сабитов. 88мин. Бас бапкерден маза кете бастады. Төрешілерге риза емес екендігін білдіруде. 89мин. Ойын соңында Олег Лотов қызыл қағаз алып кетті. "Мика" командасы қауіпті айып добын орындайды. Ай, Лотов, сәл шыдасаң кайтер еді... 90мин. Доп қақпа бағанасынан кері серпілді. Құдайға шүкір. Есеп 2-2. Тобылда төрт ұпай. Ертен жерлестеріміз Латвия чемпионы "Сконтомен" кездеседі. Өзгеден кем ойнайтын қазақ бұл жолы тең ойнады. Тфәй-тфәй. Репортажды жүргізген Уалихан Қосанбай, Асаусары Омаш.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×