«Тобыл» өз алаңында «Ақтөбеден» басым түсті

17.07.2022, 02:00
Карпович шәкірттері Қазақстан кубогінде қатарынан екінші матчта жеңіліске ұшырады.
«Тобыл» өз алаңында «Ақтөбеден» басым түсті

Қазақстан кубогінің екінші турында «Тобыл» мен «Ақтөбе» үш ұпайды сарапқа салды. Қостанайдағы Орталық стадионда өткен матч 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Кездесудің 24-минутында Александр Марочкин есеп ашып еді, тоғыз минуттан кейін Виталий Балашов жауапты голды соқты. Ал бірінші таймның аяқталуына тқрт минут қалғанда Айбар Жақсылықов «Ақтөбе» қақпасынан саңылау тауып, командасына жеңіс сыйлады.

«Тобыл» – «Ақтөбе» – 2:1

«Тобыл»: Тимур Акмурзин (қ) – Роман Асранқұлов, Данияр Семченков, Александр Марочкин, Жасұлан Жұмашев – Душан Йованчич, Серікжан Мужиков (к), Владислав Васильев – Милан Вукадинович, Айбар Жақсылықов, Игорь Сергеев, Серж Дебле;

«Ақтөбе»: Саша Стаменкович (қ) (к) – Әділхан Таңжарықов, Әлішер Әжімов, Рустам Темірхан, Йоахим Адукор, Ескендір Қыбырай – Рамазан Оразов, Арман Кеңесов – Диас Андырмаш, Максим Самородов, Виталий Балашов;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×