«Қайсар» Қазақстан кубогіндегі екінші жеңісіне қол жеткізді

17.07.2022, 01:00
Қызылордалық клуб өз тобында көш бастады.
«Қайсар» Қазақстан кубогіндегі екінші жеңісіне қол жеткізді

«Қызыл-Жар» Қазақстан кубогі топтық кезеңінің екінші турында «Қайсарды» қабылдады. Матч Петропавлдағы «Қарасай» стадионында өтіп, 1:2 есебімен аяқталды.

Ойынның 15-минутында Елжас Алтынбеков «Қайсарды» алға шығарды, бірақ бес минуттан кейін Элгуджа Лобжанидзе есепті теңестірді. Ал 89-минутта қосалқы құрамнан шыққан Кирилл Сидоренко жеңіс голын соғып кетті.

«Қызыл-Жар» – «Қайсар» – 1:2

«Қызыл-Жар»: Мирослав Лобанцев (қ) (к) – Евгений Козлов, Марк Гурман, Валерий Каршакевич, Матео Мужек, Еркін Тапалов – Сергей Тихоновский, Павел Яковлев – Тимур Мульдинов, Дарко Зорич, Элгуджа Лобжанидзе;

«Қайсар»: Никита Калмыков (қ) – Константин Горизанов, Абылайхан Төлегенов (к), Артем Дылевский, Амал Сейітов – Демият Сламбеков, Дидар Жалмұқан, Бекзат Кұрманбекұлы – Елжас Алтынбеков, Нұрбол Әнуарбеков, Өркен Махан;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×