«Тобыл» қақпашысына Мюнхенде ота жасалды

10.09.2022, 15:35
Жақын арада Мокин Қостанайға оралып, ем-дом жұмыстарын жалғастырады. 
«Тобыл» қақпашысына Мюнхенде ота жасалды

«Тобыл» қақпашысы Александр Мокиннің тізесіне жасатқан отасы сәтті өтті. 

Қазіргі уақытта футболшы ота жасалған неміс ортопедиялық емханасында оңалту шараларынан өтіп жатыр.

Жақын арада Мокин Қостанайға оралып, ем-дом жұмыстарын жалғастырады. 

 «Тобыл» футбол клубының ұжымына, сондай-ақ жанкүйерлеріме алғысымды білдіргім келеді, сіздердің қолдауларыңыз мен үшін өте маңызды», - деді қақпашы.

Еске сала кетейік, Мокин «Ордабасыға» қарсы матч кезінде ауыр жарақат алған еді. Тәжірибелі қақпашы маусым соңына дейін алаңға шыға алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×