Владимир Федотов: «Бақтиер Еуропаның ТОП-5 лигасында ойнай алады»

10.09.2022, 16:40
ЦСКА-ның бас бапкері алдағы уақытта Баханы басқа позицияда ойнатып көрмек.
Владимир Федотов: «Бақтиер Еуропаның ТОП-5 лигасында ойнай алады»

ЦСКА клубының бас бапкері Владимир Федотов қазақстандық футболшы Бақтиер Зайнутдиновтың ойыны туралы пікірімен бөлісті.

«Зайнутдинов Еуропаның үздік 5 чемпионатында ойнаған бірінші қазақ ойыншысы бола ала ма? Неге болмасқа, оның уақыты жеткілікті. Ол неғұрлым тұрақты, сенімдірек болуы керек. Сол кезде Топ-5 лиганың клубтары ол үшін таласатын болады. Бақтиер аз уақыт ішінде жаңа позицияға бейімделіп үлгерді. Белгілі мәселелердің бар екені анық, бірақ команда мен ойыншылардың бірін-бірі сезінуіне уақыт керек. Бұрынғы командаларымда мен орталық қорғаушы позициясына латеральдарды қолданған едім.

Баха өте тәртіпті, қайсар мінезді ойыншы. Ол қорғаныста басқалардың емін-еркін көсілуіне жол бермейді және шабуылға да жақсы араласады. Әрине, біз оны басқа позицияларда ойнатқымыз келеді. Орталық қорғаушылардың бәрі қатарға оралғанда, басқа нұсқаларды қарастырамыз. Менің ойымша, оған жаңа позиция ұнаған секілді. Ол қазір қорғаныста да, шабуылда да ойнай алады. Баха бұл жағдайды дұрыс қабылдайды, маған оны «осы позицияда ойнайсың» деп көндірудің қажеті жоқ», - деді Федотов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×