«Рома» сербиялық қорғаушымен келіссөздер жүргізуде

10.09.2022, 18:58
Жозе Моуриньо еркін агент атанған қорғаушыны командасына қосып алмақшы.
«Рома» сербиялық қорғаушымен келіссөздер жүргізуде

Италиялық «Романың» бас бапкері Жозе Моуриньо командасына жаңа орталық қорғаушы іздестіруде және еркін агент статусында жүрген «Наполидің» бұрынғы футболшысы Никола Максимовичке көз тікті.

La Gazzetta dello Sport басылымының айтуынша, римдік клуб 30 жастағы ойыншымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Максимович өткен маусымда «Дженоаның» намысын қорғады. Оған дейін «Наполи» мен «Торинода» ойнаған, ал 2017/2018 жылғы маусымның екінші жартысын мәскеулік «Спартак» сапында өткізді.

«Рома» Италия чемпионатының бес турынан кейін 10 ұпай жинап, турнир кестесінің бесінші сатысында тұр. Келесі турда команда «Эмполимен» кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×