«Ордабасы» шабуылшысы Того құрамасына шақыртылды

10.09.2022, 19:32
Того қыркүйек айында екі ойын өткізеді.
«Ордабасы» шабуылшысы Того құрамасына шақыртылды

«Ордабасы» командасының 30 жастағы шабуылшысы Серж Ньюадзи Того құрамасына шақырту алды, деп клубтың баспасөз қызметі.

Команданың оқу-жаттығу жиыны Парижде өтеді. 24 қыркүйекте Того Кот-д'Ивуармен, ал 27-сінде Экваторлық Гвинеямен ойнайды.

Ньюадзи «Ордабасы» клубына осы маусымның басында қосылған еді. Содан бері 18 матчқа қатысып, 8 гол соқты, 1 нәтижелі пасы бар.

Серж Того құрамасында 2021 жылдың жазында дебют жасап, осы уақытқа дейін 6 ойын өткізіп үлгерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×