«Тобыл» Қазақстан Кубогінің ширек финалындағы алғашқы матчта жеңіске жетті

22.08.2021, 00:00
Жауапты кездесу тура бір айдан кейін өтеді.
«Тобыл» Қазақстан Кубогінің ширек финалындағы алғашқы матчта жеңіске жетті

Қостанайлық "Тобыл" Қазақстан Кубогінің ширек финалындағы алғашқы матчта "Қызыл-Жарды" минималды есеппен жеңді. Матч Петропавлдағы "Қарасай" стадионында өтіп, 0:1 есебімен аяқталды.

Ойындағы жалғыз әрі шешуші голды 36-минутта Игорь Сергеев соқты. Нәтижелі пасты Руслан Валиуллин өз еншісіне жазды. Ал кездесудің 65-минутында "Қызыл-Жардың" жартылай қорғаушысы Карлос Фонсека екінші ескерту қағазын алып, алаңнан қуылды.

Айта кетейік, қос команда арасындағы жауапты кездесу 22 қыркүйек күні Қостанайда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×