«Астананың» екі ойыншысы «Каспиймен» болатын ойынға қатыспайды

21.08.2021, 21:09
«Каспийдің» де көшбасшы ойыншыларының бірі бұл ойынға қатыспайды екен.
«Астананың» екі ойыншысы «Каспиймен» болатын ойынға қатыспайды

«Астананың» қорғаушысы Антонио Рукавина мен Педро Эуженио «Каспийге» қарсы ойынға қатыспайды. Бұл жайлы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Рукавина ойын алдындағы жаттығуда тобығынан аздаған жарақат алған, ал Педро бұлшықет жарақатына байланысты ойнай алмайды. 

Ал «Каспий» клубының жартылай қорғаушысы Шафик Тигруджа «Қайратқа» қарсы ойында (2:4) ескерту алған еді, бұл оның Қазақстан кубогіндегі екінші сары қағазы болды. Сондықтан ол «Астанаға» қарсы болатын матчқа қатысу құқығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×