«Тобыл» Саид Ибраимовтың командадан кетпегенін хабарлады

11.09.2021, 01:53
Бұған дейін бұл бапкер «Левскиге» кетті деген ақпарат шыққан еді.
«Тобыл» Саид Ибраимовтың командадан кетпегенін хабарлады

«Тобыл» клубының баспасөз қызметі болгариялық маман Саид Ибраимовтың командада жұмыс істей беретінін мәлімдеді.

«Бүгін әлеуметтік желілерде бас бапкердің көмекшісі Саид Ибраимовтың «Тобылдан» кеткені туралы хабар тарады.

Аты аталған маманның кетіп қалғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми хабарлаймыз. Саид Ибраимов «Тобыл» футбол клубында еңбек етеді.

Айта кетейік, «сары-жасылдардың» ұлттық құрама сапына аттанған ойыншылары толығымен жиналды. Қазір қостанайлық команда штаттық режимде «Каспий» футбол клубына қарсы матчқа дайындалып жатыр», - делінген клубтың хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×