«Қайрат-Мәскеудің» үздік ойыншыларын Құрбан Бердыев жаттықтырады

11.09.2021, 14:48
Өздерін жақсы қырынан көрсеткен ойыншылар негізгі команданың оқу-жаттығу жиынына шақырылады.
«Қайрат-Мәскеудің» үздік ойыншыларын Құрбан Бердыев жаттықтырады

KazFootball.kz сайтына белгілі болғандай, мәскеулік «Қайраттың» ең үздік ойыншылары жыл соңында алматылық «Қайраттың» оқу-жаттығу жиынына шақырту алады.

«Қайраттың» тәлімгері Құрбан Бердыев мәскеулік клубтың ойындарын мұқият қадағалап отыр. Осы жылдың соңына дейін өздерін жақсы қырынан көрсеткен ойыншылар негізгі команданың оқу-жаттығу жиынына шақырылады.

Айта кету керек, мәскеулік «Қайратта» 14 қазақстандық (барлығы 21 жасқа дейінгі), сондай-ақ 8 ресейлік және 1 армениялық футболшы өнер көрсетеді. Бұған дейін хабарланғандай, командаға «Фенербахче» жастар командасының қорғаушысы Микаэль Асқаров та қосылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×