«Тобыл» — «Тараз» кездесуіне үш футболшы бірден қатыспайтын болды

19.08.2011, 16:01
«Тобыл» — «Тараз» кездесуіне үш футболшы бірден қатыспайтын болды
24-турдағы «Тобыл» — «Тараз» кездесуіне үш футболшы бірден қатыспайтын болды.Олар "Тобыл" легионерлері Ненад Сливич пен Штепан Кучера, сондай-ақ "Тараз" ойыншысы Дмитрий Евстигнеев. Штепан Кучера өткен турда қызыл қағазды қанжығасына байлап, енді төрт кездесу бойы "Тобыл" сапында өнер көрсетпейтін болды. Айтпақшы, бұл оның екінші қызыл қағазы. Ал, Сербиялық легионер Ненад Сливичті  сары қағаз сары уайымға салды. 4-ші рет сары қағазды иелеген ол "Таразға"  қарсы кездесуде  ойнамайтын болды. "Тараз" клубының  ойыншысы Дмитрий Евстигнеев болса үйреншікті әдеті, бойынша "Тобыл"- "Тараз" кездесуін "трибуна" төрінде тамашалайды. Неге десеңіз, алдымен "Атырауға" қарсы ойынды  "Тараз" клубына ойыншы емес жанкүйер болып тамашалаған оны қызыл қағаз  "Қайратқа" қарсы ойынға қатыстырмады. Енді 4 сары қағаз оның  тағы да сағын сындырды. Автор: Думан Балықбаев
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×