«Тобылдың» қос қорғаушысы командасына жеңіс сыйлады

13.09.2021, 03:04
Қостанайлық клуб әупірімдеп жүріп, көш басына шықты.
«Тобылдың» қос қорғаушысы командасына жеңіс сыйлады

"Тобыл" Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясында "Каспийді" жеңді. Ойын Қостанайдағы Орталық стадионда өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.

Кездесудің 15-минутында Сергей Малый бұрыштамадан асырылған пастан кейін есеп ашты. Ал 40-минутта Рамазан Кәрімов Роман Асранқұловтың өрескел қателігінен кейін жауапты голды соқты. Бірақ 77-минутта Алеса Аманович жеңіс голын соқты. Бес минуттан кейін Рубен Бриджидо екінші ескерту қағазын алып, ойынды ерте аяқтады.

"Тобыл" 45 ұпаймен қайтадан турнирлік кестеде көш басына шықты. 24 ұпайы бар ақтаулық клуб сегізінші орынға табан тіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×