Томас Тухель «Челси» клубында тарихи рекорд орнатты

18.03.2021, 19:41
Оның командасы Чемпиондар Лигасының ширек финалына жолдама алды.
Томас Тухель «Челси» клубында тарихи рекорд орнатты

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауапты матчында "Челси" мадридтік "Атлетикодан" басым түсті. Кездесу "Стэмфорд Бридж" стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Осылайша, Томас Тухель "Челси" тарихына барлық турнирлердегі алғашқы 13 ойында (Премьер-лига, Англия Кубогі, Чемпиондар Лигасы) жеңілмеген жалғыз бапкер ретінде енді. Бұған дейінгі рекорд Луис Фелипе Сколариге тиесілі болатын, ол 2008 жылы өзінің лондондық клубтағы алғашқы 12 матчында жеңіліп көрмеген болатын.

Тухель "Челсиге" бас бапкер болып қаңтар айында тағайындалды. Маманның клубпен келісімі 2022 жылға дейін есептелген.

19 наурызда Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар Лигасының ширек финалы мен жартылай финалына арналған жеребе тарту рәсімі өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×