“Реал Мадридтің” аңызына айналған жартылай қорғаушы Тони Кроос “Барселонаның” қазіргі ең маңызды ойыншысы ретінде көпшілік күткендей Ламин Ямал, Роберт Левандовскиді немесе Рафиньяны емес, Педриді ерекше атап өтті.
Ламин Ямал, Роберт Левандовски және Рафинья үштігі 2025 жылғы маусымда клубтың барлық жарыстарда жүлде алуына түрткі болып келеді. Тіпті олар “Алтын допқа” үміткерлер қатарында.
Бірақ Кроос “Барселонаның” басты жұлдызы деп Педриді атады:
“Педри – әлемдегі өз позициясында ең үздік ойыншы,” – деді ол Einfach mal Luppen подкастында.
“Мен үшін Педри – Ламин Ямал, Рафинья немесе Левандовскиден де маңыздырақ. Педри алаңда жоқ кезде, оның жетіспеушілігі бірден байқалады. Ол тек гол соғумен немесе пас берумен шектелмейді. Ол — ойын тағдырын шешетін ойыншы.Мен Педридің биылғы маусымдағы ойынын бақылап жүрмін. Оның ойыны Мессидей жарқырап тұрмайды, жылдам көрінбейді. Бірақ шын мәнінде өте шапшаң. Ол үшін бәрі оңай."