Тони Сильва мансабын Қазақстанда жалғастырады

12.02.2021, 02:16
Сильва өткен маусымда «Тараздың» көшбасшысы атанған еді.
Тони Сильва мансабын Қазақстанда жалғастырады

Гвинея-Бисау құрамасының жартылай қорғаушысы Тони Сильва "Тобылға" ауысуы мүмкін. Бұл туралы осы жағдайға жақын ақпарат көзі хабарлады.

Оның айтуынша, ойыншы қазірдің өзінде қостанайлық клубтың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда.

2020 жылғы маусымның басында Сильва "Тараз" ойыншысы атанған болатын. Ол Қазақстан чемпионатында 17 матчқа қатысып, 4 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді. Ал оның командасы 23 ұпай жинап, сегізінші орынға ие болды. Футболшыда Португалия елінің де азаматтығы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×