Төрешілер мен ойыншылар арасындағы ауыз екі сөз телетрансляция арқылы таратылуы мүмкін

01.03.2014, 19:57
Төрешілер мен ойыншылар арасындағы ауыз екі сөз телетрансляция арқылы таратылуы мүмкін

УЕФА басшылығы тағы бір мәселені қарастыруда, бұдан былай Чемпиондар лигасындағы матчтарда көрермендер ойыншылардың не айтып жатқанын экраннан оқып алуы мүмкін.
Бұл туралы The Daily Mail хабарлады. Әйгілі басылымның мәлімдеуінше, ұйымдастырушылар бұл қадамға неліктен барған себебін түсіндірді: Көрермендер төреші шешімінің анық-қанығын түсіну үшін алаңдағы диологты аңғаруы тиіс. Бұл бастаманы УЕФА президенті Мишель Платини де қолдап отыр. Егер осындай ереже қабылданса, ойыншылар мен төрешілердің барлық әңгімелері микрофонға жазылатын болады. www.prosportkz.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×