28 наурызда Футбол үйінде OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының матчтарында қызмет ететін төрешілер жиналысы өтті.
Жиынға Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов қатысты.
Жиналыс барысында Төрешілік ету және инспекция департаментінің жаңа директоры Александр Перемитин таныстырылды. Ведомствоның жаңа директорына Төрешілер корпусының басшысы Хуан Антонио Маринмен бірлесе отырып, чемпионатта жұмыс істейтін қазылар жұмысының сапасын одан әрі дамытудың жоспарын әзірлеу тапсырылды.
Бұған дейін Төрешілік ету және инспекция департаментін басқарған Руслан Дүзмамбетов VAR жобасының нұсқаушысы қызметін жалғастырады.
Кездесуге ҚФФ Бас хатшысы Олжас Абраев пен Төрешілер корпусының басшысы Хуан Антонио Марин де қатысты.
Біздің серіктес: FONBET