Елордадағы "Астана Арена" стадионында Қазақстан премьер-лигасының 11-тур аясында "Астана" мен "Тараз" командалары кездесті. Кездесудің бірінші кезеңінде бас төреші Игорь Хисамутдионов алаңнан Мақсат Әмірхановты қызыл қағаз көрсетіп, қуып жіберді. Сонымен 10 адаммен қалған "Тараз" командасы елордалықтарға еш қауқар көрсете алмады. Бұл бірінші таймдағы жағдай болатын. Төреші тек бір жаққа ысқыра берген соң, әулиеаталықтардың тіпті футбол ойнауға ниеттері қашты. Кетевоама бірге бір шығып, офсайд жағдайынан қақпашының төбесінен "парашют" тастады. 1-0. ұрыштама добынан кейінгі айып алаңындағы қарбалас кезінде Ұлан Қонысбаев өзінің түлеп шыққан командасының қақпасына екінші голды соқты. 2-0. Қорғаныста бір футболшысы азайып кеткен "Тараз" шабуылдап отыруды ұйғарған. Бірақ соның бірінде қарымта шабуылды жіберіп алды. Шахметовтен дәл пас алған Фокси Кетевоама қақпашымен тағы да бірге-бір шығып есепті тіпті 3-0-ге жеткізді.
Екінші таймда тараздықтар төрешінің қырсықтығына қарамастан, алға қарай лап қойды. Тити Эссомба алаңға шығып шабуыл өтіне қан жүгіртті. Орталық жартылай қорғанысқа ауысқан Шерхан Бауыржан алыстан соққы бағыттауға бел шеше кірісті. Сондай сәттердің бірінде өте қызықты гол соғылды. Шамамен 35 метр жерден соққы жасаған Бауыржан қақпашы Ненад Эричті қателесуіне мәжбүрледі.
Ғабит ҚАЗБЕКОВ, "Тараз футбол клубының спорттық дирректоры: - "Тараз" футбол клубы төрешілікке байланысты ешқандай баға бере алмайды. Төрешілердің өздерінің басшылары бар. Егер ол қателік жасаса оған тиісті орындар шара қолдануы керек. Төреші де адам. Ол да қателесуі мүмкін. Ал, әлгі бір сәтте Бауыржан бірге бір шығып гол соққанда, бірінші таймның өзінде де өзгеше ойын болуы ықтимал еді.
Тити ЭССОМБА, "Тараз" футбол клубының ойыншысы: Бірінші кезеңде төрешілік сәл дұрыс болмаған секілді көрінді. Дегенмен, ол тек менің жеке пікірім. Бұл кездесуді осылайша ұтылған өзіміз. кінәні біреуге итере салу ойымда жоқ. Кездесуді бапкерсіз өткіздік. Любко Петровичтің жоқтығы сезілгені анық.
АСТАНА - ТАРАЗ - 3:1 (3:0) | |
Кетевоама, 22 (1:0). Қонысбаев, 33 (2:0). Кетевоама, 41 (3:0). Бауыржан, 72 (3:1). |
Астана - Тараз 18.05.2013 17:00:00 | Есеп: 3:1 (3:0) |
Ертіс Павлодар - Қайрат 18.05.2013 18:00:00 | Есеп: 2:1 (1:0) |
Жетісу - Тобыл 18.05.2013 18:00:00 | Есеп: 1:4 (1:2) |
Шахтёр Қарағанды - Восток 18.05.2013 17:30:00 | Есеп: 2:0 (1:0) |
Біздің серіктес: FONBET