Торрес неге «Челсидi» таңдады?

10.02.2011, 21:09
Торрес неге «Челсидi» таңдады?

(Жарқынға жауап)

[caption id="attachment_1138" align="alignleft" width="255" caption="Пікірлерін ашық айтар азаматтар"][/caption]

Егер алдындағы мақалаларды оқыған болсаңыз, әңгiменiң қалай өрбiп жатқандығын ұғынып та отырған шығарсыз. Фернандо Торрес – ұлттық құрамамен дегенiне жеткен футболшы. Ал, клубтық деңгейде ауыз толтырып айтарлықтай деңгейге жете алмай келедi. Сондықтан, «Атлетикодан» команда ауыстыруға тура келдi. Алайда, ол не үшiн чемпионадар лигасында жеңiске жетуге мүмкiндiгi зор «Барселона» немесе «Реалға» ауыспады? Өйткенi, ол жанкүйерлер арасындағы қақтығысқа жол бермеудi бiрiншi орынға қойды. Ендi дәл сол жағдай. Ол неге «Ливерпульден» «Манчестер Юнайтед» немесе «Манчестер Сити» клубына бармады? Мәселе осында. Өйкенi, манкуниандықтар «Ливерпуль» жанкүйерлерiнiң ежелгi қарсыласы. Оларға «Челси» барлық жүлденi иемденсе де, мұртын балта шаппайды.

Өйткенi, «Ежелгi дұшпан ел болмас» деген тәмсiлдегiдей, атақ үшiн таласта ағылшындық дербидiң жанкүйерлерi үзеңгi қағыстырып келедi. Мiне, Торрестiң «Челси» деп шешiм қабылдауы да осыдан. Әйтпесе, ақсүйектер берген қаржыны кезiнде «Манчестер Ситидi» тiзгiндеген арабтар да бердi емес пе?

Ал, Торрестiң «Жүрегiм Энфилдпен бiрге» деп тебiрене сөйлеуiн әбден түсiнуге болады. Өйткенi, 90 минут әндететiн, керек десеңiз таңнан кешке дейiн ән салатын стадионның iшiнде жүрсеңiз, сiз де ерiксiз «Энфилдке» тәуе етiп кетер едiңiз. Әңгiме осында. «Энфилд жүрегiмде» деген бiрнеше футболшының команда ауыстырғанын жақсы бiлемiз. Өле-өлгенше «Реалдан» аттап баспайды деген Рауль мен Гутидiң махаббаты мәңгiлiк болса, Жозе Моуриньоның екпiнiне шыдаған болар едi.

Мұндағы айырмашылық тек Торрестiң командасын қиын сәтте тастап кетуiнде болып тұр. Бiрақ, Эль Ниньо «Ливерпульдiң» қиын кезеңiн өткен жылы басынан өткердi ғой. Есесiне, «Челсидiң» өткен жылғысынан гөрi биылғы жағдайы мәз емес болатын. Өткен жылы испан шабуылшысын 70 млн. фунт стерлингке бағалағанмен, нақты ақшасы белгiленген жоқ. Ал, биыл олар да тығырықтан шығу үшiн осыншалықты қаражат жұмсауына тура келдi. Демек, барлығы «Ливерпульдiң» пайдасына шешiлдi. Пепе Рейна айтқандай, «Торреске ренжудiң түк те қажетi жоқ, оған клуб басшылары көп уәде бергенмен, ол орындалған жоқ. Қайта 22 млн. фунт стерлингке келген ойыншы 50 млн.фунт стерлингке сатылымға түстi». Жанкүйерлер осыны дұрыс түсiнуi тиiс.

Сондай-ақ, жақында Фернандо Торрес сұхбатында: «Менi әлемдiк деңгейдегi футболшы қылып жасаған «Ливерпуль», сондықтан менiң өмiрiмде "Ливерпуль" үлкен маңызға ие. Бiрақ, мен "Ливерпульдiң" фанаты болған емеспiн. Мен тек «Атлетиконың» ғана табынушысымын. «Челсиде» де өзiмдi барлық қырынан көрсетуге тырысамын. Бiрақ, «Атлетико» үшiн жанкүйерлiк танытып өтемiн ғұмыр бойы», – деген.

Торрес неге «Челсидi» таңдады? Оның бiр парасын жоғарыда айтып өттiк. Бiрiншiден, ол ағылшын футболына әбден үйренiстi. Екiншiден, қуатты шағында чемпиондар лигасын немесе АПЛ-дi жеңiп алуы тиiс. Үшiншiден, «Ливерпуль» жанкүйерлерi үшiн «Арсенал» мен «МЮ-ға» қарағанда «Челси» тиiмдiрек.

Егер Фернандо Торрес ақша үшiн кеткен болса, басқа клубқа да ауыса салуы мүмкiн едi. Бiрақ, ол «Челсиге» барып, атаққа қол жеткiзу үшiн жүрген футболшы екендiгiн дәлелдедi.

Жандос БАЙДIЛДА

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Рекордшы Роналду
Серіктес жаңалықтары
×