Рекордшы Роналду

10.02.2011, 19:43
Рекордшы Роналду

Мадридтiң “Реал” клубының жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду өткен аптада корольдiк клубтың тарихына түзету енгiздi. 2009 жылдың жаз айында “Реал” клубының жей­десiн киген португалдық футболшы осы уақытқа дейiн алаңға 51 рет шығып, қарсыластардың қақпасына 50 доп соқты. Бұл – “Реал” тарихындағы рекордтық көрсеткiш. Мадридтiк клубтың тарихына үңiлер болсақ, Венгрияның аты аңызға айналған футболшысы Ференц Пушкаш 50-iншi допты 54-ойында соққан. Демек, Криштиану Роналду Пушкаштың рекордтық көрсеткiшiнен де асып түстi. Жозе Моуриньюдiң қол астында жаттығатын “Реал” клубы испан премьер-лигасында Каталонияның “Барселонасынан” жетi ұпайға қалып, турнир кестесiнде екiншi келедi. Мергендер көшiн Криштиану Роналду мен аргентиналық Лионель Месси бастап келедi. Қос футболшының қоржынында 24 доптан бар.

"Жас Алаш"

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×