Торрес таяқ жеді!!! (тікелей және ауыспалы мағынасында)

09.02.2011, 23:15
Торрес таяқ жеді!!! (тікелей және ауыспалы мағынасында)

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ Осының алдыңғы жазбамда «Стэмфорд Бриджде» жергілікті «Челси» мен «Ливерпуль» күш сынасатынын айтып өткен едім. 

Сол қызықты матчтан алған әсерімді баяндайын. Осы маусымдағы алғашқы кездесуде Фернандо Торрес соққан екі гол «Ливерге» жеңіс сыйлаған еді. Екінші кездесуде «Челси»есе қайтарады дегендер көп болды. Оның үстіне әлгі екі голдың авторы Торрес «көктердің» қатарына қосылды. Бірақ, ойын дәл мен ойлағандай болды. Кейбір пікірлес әріптес бауырларым бұл ойында мен жанкүйер болып табылатын команда ұтылатынын да айтқан еді. Десе де, Торреске тісін қайраған "қызылдар" сырт алаңда 0-1 есебімен жеңіске жетті. Голдың авторы — Рауль Мейрелеш. Бұл жігіт соңғы 4 ойында 4 гол соқты! 13-сатыға дейін сырғып кеткен мерсисайдтар соңғы 4 ойындағы таза жеңістің арқасында турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартып алды. «Ливерпуль»— Торрессіз де «Ливерпуль»!

http://www.on.kz/u29057/blog/ - Автордың блогынан алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×