«Төртеудің финалынан» шет қалдық

21.11.2011, 18:45
«Төртеудің финалынан» шет қалдық

Кіші футболдан Мәскеуде өткен УЕФА кубогының элиталы кезеңінде алматылық «Қайрат» бірде-бір ойында жеңіліс таппады. Алғашқы екі кездесуде жеңіп, үшіншісінде азулы «Динамомен» тең түсті. Десе де бұл нәтижелер «Қайратқа» «төртеудің финалына» беретін жолдаманы әпере алмады. Доп айырмасы бойынша келесі кезеңге мәскеуліктер өтті. 

Алғашқы ойынды Бельгияның «Шателино» командасына қарсы өткізген жерлестеріміз ойын барысында қиындықтарға кезікті. Қарсылас бірден есеп ашып, біздің жігіттердің қарымын қайтарып тастады. Бірақ, Алешандренің соққан екі голының арқасында «Қайрат» тез есін жинап алды.

Алғашқы кездесудегі маңызды жеңіске қол жеткізген отандастарымыз келесі кездесуге сенімділікпен шыққан болатын. Бұл жолы Сербияның «Экономац» командасымен күш сынасқан аяқдопшыларымыз бірден діттеген мақсаттарына көшті. Ойынның алғашқы 11 минутында екі доп соққан «Қайрат» қарсыласынан бір бас жоғары екендігін дәлелдеді. Осы ойында Андре алғашқы допты соққаннан кейін сербиялықтар ойластырған жүйелі ойындарын таба алмай, сәл абдырап қалды. Іле-шала артынша ұйымдастырылған шабуылдардың бірінде бағы жанған Лео Сантана екінші допты соғып, кездесудің тағдырын ойынның бірінші таймында-ақ шешіп тастаған болатын.

«Крылатское» спорт кешенінде өткен турнирдің басты кездесуіне баланған орталық матчта «Қайрат» пен «Динамо» ойнады. Қос командада бірдей 6  ұпай болатын. Олар «Шателино» мен «Экономацтың» екеуінде жеңген болатын. Алайда мұндай тартысты бәсекеде әрбір соққан голдың маңызы бар. «Қайрат» қарсыласы «Динамоға» қарағанда доп айырмасынан 8-ге кем еді. Соның кесірінен ол соңғы ойында тек қана жеңіске жетуі қажет болатын.

Матч басталысымен керек нәтижеге ұмтылған алматылықтар алыстан соққылар жасап, алаң иелерінің біраз мазасын қашырған болатын. Десе де, қарымта шабуылдың ретін тауып, гол соғып кеткен ресейліктер бірінші таймның жеңімпазы атанды.

Екінші кезеңнің алғашқы минуттарында Жао Барбоза шәкірттері жиі шабуылдап, Фумасаның нәтижелі соққысының арқасында есепті теңестірді. Мұндай жағдайға риза еместіктерін білдірген осы турнирдің соңғы чемпионы «Динамо» қайтадан гол соғып, «төртеудің финалына» бір қадам жақындай түсті. Әрқашан соңына дейін тырмысып бағатын алматылықтар біл жолы да қарсыласты қыспаққа алып, Сирилоның көмегімен таразы басын қайтадан теңестірген болатын. Осыдан кейін соңғы минуттарда бір соққы жасап, жеңісті қолдан жұлып кеткісі келген «Қайрат» ойыншылары қолдан келгеннің бәрін жасап бақты. Ең өкініштісі, Катата мен Лео Сантаналардың гол соғатын тамаша мүмкіндіктерді мүлт жібергендігі. Қорытындылап айтқанда шешуші ойында алматылық ұжымға сәттілік жолдас болмады. Жыл сайын қатысып жүрген «төртеудің финалынан» «Қайрат» осылайша шет қалды.

1-тур «Қайрат» (Алматы) – «Шателино» (Бельгия) 3:2 Голы: Шайбай 3 (0:1), Андре 8 (1:1), Алешандре 20 (2:1), Алешандре 23 (3:1), Буранелло 35 (3:2) Ескерту: Фелипе 33 2-тур «Экономац» (Сербия) – «Кайрат» (Алматы) 0:2 Голдар: Андре 3 (0-1),  Лео Сантана 11 (0-2) Ескертулер: Слободан Яньич 3, Владан Цветанович 14 3-тур «Қайрат» — «Динамо» 2:2 (0:1)  Голдар: Фернандиньо 2 (0:1), Фумаса 24 (1:1), Мораэс 38 (2:1), Сирило 40 (2:2) Соғылмаған пенальти: Лео 14 Ескертулер: Андрей 11, Игита 31 — Винисиус 14, Пула 24 Алаңнан қуылған: Пула 37 «Қайрат»: Игита, Андре, Жива, Сүлейменов, Катата, Лео Сантана, Жаманқұлов, Лео, Фумаса, Мораэс, Фелипе Бас төреші: Фернандо Гутьеррес Лумбрерас (Испания) 20-қараша. Крылатское — Мәскеу.                                                 О      Ұ       Т       Ұ       С/Ж  Д/А   Ұ   1      Динамо                 3      2       1      0       16-5            +11  7  2      Қайрат                      3      2      1      0      7-4   +3      7  3      Экономац         3      1      0      2      5-13 -8     3  4      Шателино         3      0      0       2      6-12 -6     0

  Ермұхамед МӘУЛЕН

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×