Төрткүл дүние мен туған елімізде...

24.06.2011, 18:21
Төрткүл дүние мен туған елімізде...
ФИФА Азия футбол конфедерациясының бұрынғы президенті Мұхаммед бин Хаммам және ФИФА-ның вице-президенті Джек Уорнердің жемқорлыққа қатысты екендігіне айнымас дәлелдер табылды. Осы уақытқа дейін аталмыш мәселеге қатысты тергеу жұмысы жүргізілген болатын. Тергеу нәтижесі бойынша берілген есепте Уорнер осы жылы Тринидадта жиын ұйымдастырып, бин Хаммам әр қатысушыға 40 мың доллардан ұсынған. Бұл 25 адамға катарлықты президенттік сайлауда қолдау үшін берілген қаржы. Оған қоса осыдан үш күн бұрын өз қызметінен кеткен Уорнер ФИФА басшылығында орын алған басқа да жемқорлық әрекеттің куәгері болып саналады. Бразилияның “Сантосы” тартысты матчта Либертадорес кубогын қанжығаларына байлады. Соңғы рет осы жүлдені 47 жыл бұрын иеленген бразилиялықтар финалда Оңтүстік Американың ең маңызды футбол додасының бес дүркін жеңімпазы Уругвайдың “Пеньяреолын” қапы қалдырды. Бұл ойында тіркелген есеп - 2:1. Кейін “Сантостың” бас бапкері Муричи Рамальоның айтуынша, бұл жеңіс көп еңбектің жемісі болды. Сонымен қатаржаттықтырушы ойыншыларға зор алғысын білдірді, оның сөзіне футбол аңызына айналған Пеле де қосылды. “Сантос” сапындағы талантты ойыншылардың бірі шабуылшы Неймардың осы ойынға қосқан үлесі зор болды. Мадридтің “Реалына” кетуі болжанып жүрген жас аяқдопшы ойындағы алғашқы голды соққан болатын. Астанада 1997-98 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан Қазақстан чемпионаты басталады. Премьер лига және бірінші лига командалары арасында өтетін ел біріншілігінде «Астана», «Шахтер», «Қайрат», “Ақтөбе” және тағы басқа отандық клубтар екі топқа бөлініп, өзара матчтар өткізеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×