Тостао: «Месси мен Роналду қосылса ғана Пеленің деңгейіне жете алады»

07.07.2020, 03:35
Бұрынғы бразилиялық футболшы Тостао футбол тарихындағы ең жақсы ойыншы туралы пікірімен бөлісті.
Тостао: «Месси мен Роналду қосылса ғана Пеленің деңгейіне жете алады»

«Менің ойымша, Пеле Лионель Месси, Криштиану Роналду және Диего Марадонадан мықты. Онымен салыстыра алатын адамдар жоқ. Ол шабуылшыда болуы мүмкін барлық қасиеттерге ие. Оның ойынында ешқандай кемшіліктер болған жоқ. Марадонаның ойыны өте әсерлі болды, бірақ физикалық тұрғыдан Пеленің деңгейіне жете алмады және көп гол соға алмады. Лионель Месси сонымен қатар фантастикалық ойыншы, бірақ Пеле сияқты баспен қалай ойнауды білмейді және екі аяғымен де жақсы ойнамайды. Роналду - ерекше футболшы, бірақ оның мұндай керемет қасиеттері жоқ. Менің ойымша, тек Роналду мен Месси қосылып бір адам болса ғана Пелемен салыстыруға болады», - деп ФИФА-ның ресми сайтына сілтеме жасайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×