Жамбылдық клубтың ең алғашқы голының авторы 80 жасқа толды

06.07.2020, 23:19
Жамбылдық клубтың ең алғашқы голының авторы 80 жасқа толды

Шілде айының 2-сі күні Юрий Павлович Буйлов 80 жасқа келді. Ю.Буйлов – Қазақстанда танымал футбол маманы. Ол еліміздің футбол федерациясында бірқатар қызметтер атқарды. Дегенмен, жамбылдық футболсүйер қауым оны қатты құрмет тұтады. Себебі осы азамат клуб тарихындағы ең алғашқы голдың авторы.

Белгілі футбол статистигі Александр Поляков жамбылдық «Металлист» (қазіргі «Тараз» КФК – автор) командасы өзінің ресми бірінші матчын сырт алаңда еревандық «Наири» командасына қарсы ойнады деп еске алады. – Кеңес Одағы чемпионатының «В» лигасындағы бірінші матч көп жылдар бойы осы лигада ойнап келе жатқан тәжірибелі командамен болды. Армяндық клубқа біз лайықты төтеп бере алдық. Алаң иелері екі доп айырмасымен алға шықса да, өткір шабуылдар жасап, Юрий Буйлов әдімі голдың авторы атанған еді. Осылайша ол өз есімін клуб тарихында мәңгілікке қалдырды.

Дебюттік матчтың қорытындысы бойынша алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жеткен. Бірақ «Металлист» лигадағы орнын сақтап, 18 команданың арасында 13-ші сатыға тұрақтады. Сол маусымда лига чемпионы болған кутаисилік «Торпедомен» (Армения) тең ойнады. 

Клуб тарихында есімі өшпес Юрий Буйловты мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, өмірдегі барлық жақсылықты тілейміз!


«Тараз» КФК ұжымы


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×