- Александр, «Ордабасыдағы» төрт жылдық кезеңнен кейін сіздің футбол мансабыңыз қалай дамыды?
- Мен «Ордабасыдан» кеткім келмеді, бірақ сол кезде енгізілген легионерлердің жасына байланысты командадан кетуге тура келді. Мен Сербияға оралдым, Премьер-лига мен Бірінші лига командаларында ойнадым, алты ай Исландияда ойнадым. Содан кейін мен тағы да Қазақстанға оралдым, мені Шайзидин Кенжебаев пен Тимур Иксановтың жетекшілігімен "Мақтаарал" командасына шақырды. Осыдан кейін, 37 жасымда мансабымлы аяқтадым деп айта аламын. Менің «А» санатындағы жаттықтырушылық лицензиям бар, қазір Сербияның үшінші дивизионында ойнайтын «Пуковац» ФК-ның бас жаттықтырушысымын. Мен қаладан 20 шақырым жерде орналасқан ауылда тұратындықтан, бір гектар жерге құлпынай өсіремін - бұл менің хоббиім (күледі).
- Сен ойнаған кезіңде клуб тарихында алғаш рет Қазақстан Кубогы және Суперкубогын жеңіп алды. Мұның сыры неде болды? ⠀
- «Ордабасыда» өткізген төрт жылымның барлығын есімде сақтаймын. 2010 жылы командада Ұлұғбек Асанбаев, Фархад Ирисметов, Қайрат Әшірбеков және тағы басқа жігіттер өнер көрсетті. Дәл сол кезде болашақта көптеген кубоктарды жеңіп алатын команда құрыла бастады. Керемет кез еді. «Ордабасы» сапында мен 2008 жылдан бастап ойнай бастадым, бірақ ол кездері 2010 жылдағыдай емес еді. Сол кезде біз бір жанұядай болып қалдық. Сауатты ойынымыздың арқасында 2011 жылы біз бірінші алтылыққа кіріп Қазақстан Кубогы мен Суперкубокты жеңіп алдық, ал келесі жылы Еуропа Лигасында жақсы ойын көрсеттік. Сербиялық «Ягодина» командасын жеңдік, кейін қонақта «Русенборгпен» тең ойнадық 2:2. Және Алматыдағы өткен тарихи кездесу, оны мен ешқашан ұмытпаймын. 96-минутта гол өткізіп алып, Еуропа Лигасының үшінші кезеңіне өте алмадық. Қазір барлық жігіттермен байланыстамыз, сол кездерді, достығымызды еске алып тұрамыз. Сол кездерді сағынамын. ⠀
- Сен жергілікті жанкүйерлердің сүйікті ойыншысы болғансың және солай болып қала бересің. Өз алаңыңда ойнау қиын болды ма - «Ордабасының» жанкүйерлері қатаң талап қоятыны белгілі.
- Барлығы біледі Шымкентте ең қатал жанкүйерлер, бірақ ант етейін төрт жыл ішінде өзіме деген жаман сөздер естімегенмін. Мен алаңда толықтай беріліп жұмыс жасайтын едім, мүмкін содан болар ешкім маған дөрекі сөйлеп, айғайламаған. Өз командасы үшін берілген жанкүйерлерді жақсы көремін. Ерекше жылулықпен орталық алаңның трибуналарын еске аламын. Менің тілерім барлық жанкүйерлер үнемі өз командаларының жанынан табыла берсін, қолдау көрсетсін - ойын жақсы болса да, жаман болса да. Ең бастысы беріліп қолдау! ⠀
- Сіз бүгінгі "Ордабасы" ойынын қадағалайсыз ба?
- Білесіз бе, бұрын мен жыл сайын бәрі жаңа болатынын, бәрі нөлден басталғанын, команданың негізгі ойыншыларының кетіп қалатынын ұнатпайтынмын. Менің ойымша, біз команданың 70 пайызын қалдырып, 30 пайызды қосуымыз керек, сонда керемет болады. Команда қаңқасын жасап, екі жыл ойнауы керек. Біз оны 2010-2012 жылдары дәлелдедік, оған дейін біз бар болғаны 9-10 орынға ие болдық. 2011 жылы біз үздік алтылыққа еніп, Кубокты жеңіп алдық. «Ордабасы» бір жыл бұрын чемпион болған «Тобылды» жеңе алады дегенге ешкім сенбеді, біз оларды Кубокта жеңдік, содан кейін Суперкубок матчында «Шахтерді» жеңдік. Қазір «Ордабасыда» құрамның белгілі бір тұрақтылығы бар, тірек пайда болды, команда екі рет қола жүлдені жеңіп алды. Бізге жақсы ойыншыларды, жергілікті немесе легионерлерді қосу керек деп ойлаймын - бұл маңызды емес, бастысы, кем дегенде екі жылдағы құрам айтарлықтай өзгермеді. «Ордабасы» мен үшін жай клуб емес, бұл менің командам, ол менің жүрегімде мәңгі қалады. Әрине, мен оларға қатысатын барлық турнирлерде жеңіске жетулерін тілеймін. Мен бұл клубты жақсы көремін, сеніңіз, мен көптеген командаларда ойнадым, бірақ «Ордабасы» мен үшін ерекше болып қала береді.
Біздің серіктес: FONBET