АҚШ президенті Дональд Трамп пен ФИФА президенті Джанни Инфантино Ақ үйдегі кездесу кезінде Ресейдің 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігі жайлы сөз қозғады.
Журналист: Ресейдің алдағы әлем чемпионатына қатыспайтыны белгілі. Бұл жөнінде сіздің пікіріңіз қандай?
Трамп: Мен мұны білмеген екенмін. Рас па?
Инфантино: Иә, рас.
Трамп: Бұл туралы толығырақ айтып бере аласыз ба?
Инфантино: Иә. Қазіргі таңда Ресей шеттетілген, бірақ біз жағдай өзгеріп, бейбітшілік орнайды деп үміттенеміз.
Трамп: Бұл мәселеде шешім қабылдайтын мен емес, ол — (Инфантино).
Инфантино: Иә, біз қандай да бір оң өзгерістер болып, Ресейдің қайта оралуына мүмкіндік туады деп сенеміз.
Трамп: Бұл әбден мүмкін. Егер солай болса, бұл жақсы ынталандыру болар еді, солай емес пе?
Айта кетейік, Ресейдің ұлттық құрамалары мен клубтары 2022 жылғы ақпан айынан бастап ФИФА мен УЕФА шешімімен халықаралық жарыстардан шеттетілген.