Трентсіз тірек шайқала ма?

18.04.2025, 16:30

Трент Александр-Арнолдтың “Реал Мадридке” ауысуы – күннен-күнге шындыққа айналып келеді. Бұл жағдай “Ливерпульге” үлкен соққы болуы мүмкін. 

Ол “Қызылдар” сапында Премьер лига, Чемпиондар лигасы және басқа да трофейлердің барлығын ұтып үлгерді. Енді міне, Энфилдтегі дәуірі аяқталуға жақын, ал оның орнын кім басады? Осы сұрақ команда жанкүйерлерін алаңдатып отыр.

Трентсіз тірек шайқала ма?

Ол тек қорғаушы емес — ол плеймейкер, ол шабуылдың бастауы, ол – ойынның архитекторындай. Трент оң қапталда ойнай жүріп, допты орта алаңға шығарып, Салахқа ғажап пастар тастап жүретін. Юрген Клопптың жүйесінде ол түрлі рөлдерді атқарды: бірде таза оң қапталдағы қорғаушы, бірде жартылай қорғаушы ретінде, орта алаңда ойынды үйлестіруші ретінде де көрінді.

Жаңа бапкер Арне Слот та оны орталыққа ысырып, Салахқа бірге-бір шығатын мүмкіндіктер жасауда пайдаланып жүр. Осылайша, Трент ойынның форматын өзгертіп, командаға жан бітіріп тұрған ойыншылардың бірі болып қала берді.

Әрине, оның қорғаныстағы ойынына сын айтушылар көп болған. Бірақ Арне Слот келгелі бері Трент бұл жолда да жақсарды, ол тек шабуылда емес, өзінің негізгі рөлінде де керемет ойын көрсетті.

Қазір клубта бірнеше жас талант бар. Бірақ Тренттің деңгейіне сай келетін әлемдік деңгейдегі қорғаушыны табу – оңай шаруа емес.

Сонымен қатар, Робертсон да жасы келіп қалғанын ескерсек, Слотқа екі фулл-бэк іздеуге тура келетін сыңайлы.

Және оның алдағы ең үлкен сыны: Трентсіз "Ливерпульді" қайта құру. болмақ.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×