Трофейге жылдам қол жеткізген ТОП-10 бапкер

Әлемге танымал Клопп тоғызыншы орында, ал мансабын енді бастаған бапкер бірінші орында тұр.
Трофейге жылдам қол жеткізген ТОП-10 бапкер

Sport360 басылымы трофейге тез қол жеткізген бапкерлердің рейтингін анықтады - яғни алғашқы кубогына. Алғашқы орында тұрған бапкерлер сізді таң қалдыратыны сөзсіз.

10. Томас Тухель, 3800 күн

Германия кубогын жеңді (2016/2017 жылғы маусымда)


"Майнцты" бес жыл жаттықтырған Тухель "Боруссия Дортмундтың" бас бапкері атанды. Екі жыл бойы Томас Германия чемпионатының күміс және қола жүлдегері атанды, ал Дортмундтағы соңғы жылында ол жаттықтырушылық мансабындағы алғашқы кубогына қол жеткізді. Әзірге, бұл Тухельдің Германиядағы жалғыз трофейі, қалған алты кубокты ПСЖ сапында жеңіп алды.

9. Юрген Клопп, 3715 күн

Германия чемпионатында топ жарды (2010/2011 жылғы маусымда)


Клопп Тухель сияқты, өзінің мансабын "Майнцта" бастады, онда ол жеті жарым жыл жұмыс істеді, дегенмен кубок жеңіп алудың сәті түспеді. Бірақ "Боруссиядағы" кезең сәтті болды: үшінші маусымда Клопп Германия чемпионы атанды. Дортмундтық клуб екінші орын алған "Байерден" жеті ұпайға озып кетті.

8. Рафаэль Бенитес, 3231 күн

Ла Лиганы жеңіп алды (2001/2002 жылғы маусымда)


2001 жылы Бенитес Эктор Купердің орнына "Валенсияның" бас бапкері болып тағайындалды. Бірінші маусымда испаниялық команда 75 ұпаймен чемпион атанды. Бұл "Валенсияның" соңғы 31 жылдағы алғашқы чемпиондығы, ал Рафа үшін бұл алғашқы ірі трофей болды. Екі жылдан кейін испан маманы "жарқанаттармен" бірге тағы да чемпион атанды.

Карло Анчелотти, 1516 күн

Интертото Кубогын жеңіп алды (1999 жылы)


1999 жылдың ақпанында Анчелотти "Ювентусты" турнирлік кестенің соңына түсірген Марчелло Липпидің орнын басты. Карло жағдайды маусым соңына дейін түзете алмады, ал Туриндік клуб маусымды жетінші орынмен аяқтады. Бірақ Интертото Кубогында жолы болды: жалпы алғанда, "Ювентус" "Реннен" басым түсіп, көздеген кубокты жеңіп алды.

6. Антонио Конте, 1065 күн

B сериясының чемпионы атанды (2008/2009 жылғы маусымда)


Конте бапкерлік мансабын 2006 жылы бастады. 2007 жылы италиялық маман "Бари" командасын жаттықтырды, ал 2008/2009 жылғы маусымда ол В сериясында топ жарып, 12 жылдан кейін клубты Италия чемпионатына қайта шығарды. Трансферлік саясат бойынша клуб басшылығымен келіспеушіліктерге байланысты Конте келісімшартты ұзартпады және клубтан кетті.

5. Жозе Моуринью, 957 күн

Португалия чемпионы атанды (2002/2003 жылғы маусымда)

Жозе 14 жыл бойы Португалиялық клубтардың академиясында және жетекші командаларында бапкердің көмекшісі ретінде жұмыс істеді. 2000 жылы Моуриньо "Бенфиканың" бас бапкері болды, бірақ 957 күннен кейін "Портуда" алғашқы жетістігін атап өтті. 2002/2003 жылғы маусымның соңында "Порту" клубы требл жасады. Чемпионатты, ел кубогын және УЕФА кубогын жеңіп алды. "Ерекше адам" аталып кеткен Жозенің ұлы жолы "Портудағы" сәттіліктен басталды.

4. Зинедин Зидан, 704 күн

Чемпиондар лигасын жеңді (2015/2016 жылғы маусымда)


2016 жылы 4 қаңтарда Зидан "Реал Мадридтің" бас бапкері болып тағайындалды. Оның басшылығымен "Реал" чемпиондық додаға қайта оралды, бірақ Ла Лигада "Барселонадан" бір ұпай артта қалып, екінші орынға тұрақтады. Бірақ француз маманын басқа бір турнирде сәттілік күтіп тұрды. Бірінші маусымда Зидан команданы Чемпиондар Лигасының финалына шығарып, онда "Атлетиконы" пенальти сериясында жеңді. Зизу сонымен қатар Чемпиондар лигасын жеңіп алған алғашқы француз жаттықтырушысы атанды.

3. Хосеп Гвардиола, 333 күн

Испанияның үшінші дивизионында топ жарды (2007/2008 жылғы маусымда)


Испаниялық маманның мансабы үшінші дивизионда "Барселонаның" екінші командасында басталды. 2007/2008 жылғы маусымда Гвардиоланың басшылығымен клуб турнирді жеңіп алып, Сегундаға жолдама алу үшін бәсекеге түсуге мүмкіндік алды. Оның жетістіктері де назардан тыс қалмады - 2008 жылы мамырда Гвардиола Франк Рейкардтың орнына "Барселонаның" бас бапкері болды. Көп ұзамай, беделді трофейлерді жеңе бастады.

2. Диего Симеоне, 298 күн

Аргентина чемпионы атанды (2006 жылы)


2006 жылы мамырда Симеоне "Эстудиантестің" бас бапкері атанды. Сол жылы өзінің басты қарсыластары - "Химнасияны" 7:0 есебімен есеппен жеңді. Диего лигадағы қорғанысы мықты команда жасақтады - 20 ойында 13 гол жіберді. Соңғы екі турда "Бока Хуниорс" клубына бір ғана ұпай қажет болды, бірақ олар екі кездесуде де жеңіліске ұшырады, ал "Эстудиантес" қарсыластарын басып озды. Соңғы матчта ойынның аяқталуына 10 минут қалғанда "арыстандардың" бомбардирі Мариано Павоне өз клубына жеңіс әкелді, ал "Эстудиантес" тарихта төртінші рет Аргентина чемпионы атанды.

1. Микель Артета, 212 күн

Англия Кубогының жеңімпазы атанды (2019/2020 жылғы маусымда)


"Манчестер Ситиде" Хосеп Гвардиоланың көмекшісі болған Артета «Арсеналдың» ұсынысын қабыл алып, өзінің бапкерлік мансабын бастады. Артета чемпионаттағы нәтижелерді жақсарта алмағанымен, ел кубогында жолы болды. Трофейге апарар жолда "зеңбірекшілер" "Шеффилд Юнайтедті", "Манчестер Ситиді", ал финалда "Челсиді" жеңді (2:1).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×