“Црвена Звезда” клубының жартылай қорғаушысы “Астанаға” ауысуға жақын

30.05.2025, 08:00

Сербиялық БАҚ-тың хабарлауынша, Габон құрамасының және Белградтық “Црвена Звезда” клубының жартылай қорғаушысы Гелор Канга Қазақстанда мансабын жалғастыруы мүмкін. 34 жастағы футболшыға елордалық “Астана” клубы қызығушылық танытып отыр.

“Црвена Звезда” клубының жартылай қорғаушысы “Астанаға” ауысуға жақын

Футболшының Cербиялық клубпен келісімшарты маусым айының соңында аяқталады, сондықтан оның “Астанаға” еркін агент ретінде ауысу мүмкіндігі бар.

Өткен маусымда Сербия Суперлигасында Канга 7 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. Бұған дейін ол Чехияның “Спарта”, Ресейдің “Ростов”, сондай-ақ Габонның “Манган” клубтарында ойнаған. Ұлттық құрама сапында 70 матч өткізіп, 3 гол салған.

Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтық құны шамамен 600 мың еуроны құрайды.

Сербияда Канга 4 мәрте ел чемпионы, 2 рет Кубок жеңімпазы атанған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×