
Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тимур Кападзе Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сатпаевтың ойыны туралы пікір білдірді.
— Оның ойындарын толық көрмедім. Бірақ шолуларды қарадым. Көп гол соғып жүр. Өте талантты. Жасына сай емес деңгейде дамып жатыр. Оның әрекеттері, алаңды көруі, шешім қабылдауы дайын ойыншы екенін көрсетеді. Әлі де өсуге мүмкіндігі мол. «Челси» секілді клубтың қызығушылық танытуы бекер емес. Менің ойымша, оның болашағы бар. Әрі қарай барлығы оның өзіне және бапкерлеріне байланысты — деді Кападзе «Футбол Жолы» YouTube-арнасында берген сұхбатында.
Айта кетейік, 16 жастағы шабуылшы биылғы Қазақстан Премьер-Лигасының маусымында 11 матчқа қатысып, 7 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.
Біздің серіктес: FONBET