ЦСКА президенті Вагнер Лавты команда қатарына қосқысы келмейді

30.11.2021, 19:13
Өткен жылы да президент бұл трансферге тосқауыл болған еді.
ЦСКА президенті Вагнер Лавты команда қатарына қосқысы келмейді

Мәскеулік ЦСКА клубының президенті Евгений Гинер «Қайраттың» 37 жастағы бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лавты қайтарудан бас тартты, деп хабарлайды «Инсайды от Карпа» телеграм арнасы.

Дереккөздің мәліметіне сенсек, ЦСКА-ның жаттықтырушылар штабы Вагнер Лавты командадан көргісі келеді. Бас бапкер Алексей Березуцкий де бразилиялық ойыншыға қызығушылық танытқанын растады.

Вагнер ресейлік клубқа 2020 жылы келуі керек еді, бірақ ол кезде Гинер бұған қарсы болған еді. Бұл жолы да клуб президенті Вагнер Лавтың қайта оралғанын қалап отырған жоқ.

Айта кетейік, Вагнер Лав «Қайрат» клубы үшін бас-аяғы 57 кездесу өткізіп, 27 гол мен 20 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды. Алматылық клубпен бірге Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогін жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×