Түк тындырмай Түркияға кетпек

29.12.2012, 00:46
Түк тындырмай Түркияға кетпек
Қазақстан құрамасының ойыншысы Марк Гурман түріктің бірінші лигасындағы «Самсунспор» командасымен келісім шартқа отыруға жақын, – деп хабарлайды «Аламан» порталы.

23 жастағы Марк Гурман «Астана» командасының меншігіндегі ойыншы болғанымен, «Қайрат» командасында жалға берілген.

«Самсунспор» Түркия чемпионатының бірінші дивизионында  17 орында тұрған команда. Бұл команда өз тарихында Түркия чемпионатының екі рет қола жүлдесін иеленген.

Бұл командада— Ильхан Мансыз, Тюмер Метин, Георгий Кикнадзе, Георгий Челидзе, Йордан Петков және Уилсон Орума сынды атақты ойыншылар ойнаған.

Ұлттық құрамаға да, өзге де премьер-лига клубтарына атасының арқасында алынып жүрген аяқдопшы, елімізде түк тындырмай енді Түркия жерінде не істер екен. Мүмкін туристтік іс-сапары тез аяқталып, елімізге кері қайтар жақын арады. Сондықтан да, бұл ойыншыны болжам бойынша келер маусымның екінші айналымында еліміздегі бір клубтың сапынан күтетін боламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×