«ҚАЙСАР» – БІРІНШІ ЛИГАҒА…

29.12.2012, 00:48
«ҚАЙСАР» – БІРІНШІ ЛИГАҒА…
“Қайсар” футбол клубы аспанын торлаған қара бұлт­тың дегенi болды ақыры. Жоғарғы лигамен қош айтыс­тық. Биылға маусымда 9-орынға табан тiредiк деп, есiмiз шыға қуанып ек. Ертелеткен екенбiз, “тiлеп алған ауру” үмiтiмiздi талқан еттi.
 
“Бiрiншi лигада доп тебемiз, бұйыртса”. Облыстың бас спортшысы Садық Мұстафаевтың сөзi бұл. Өткен нөмiрлерде жазудай-ақ жаздық. Мұстафаев клубтың биылғы бюджетiне бөлiн­ген 574 миллион тең­генiң қалай жұмсалғанын, 240 миллион теңгеге қарыз­ға батудың себептерiн жiлiктеп айтып бере алмады. Ол: “Клубтың iшкi дүние­сiне үңiлуге хақым ­жоқ, бар кiнә жыл басында бас бапкер болған Владимир Линчевскийде”, – деп құтылды. Кеткен адамға кiнә артқаннан кейiн, әрiсiн шамалай берiңiз. Садық Мұстафаев тағы былай дедi: “Оның таңдаған ойыншылары доп тебе алмай қатарынан бес ойында есе жiбердiк. Амал жоқ, жаңадан бапкер тауып, басқа ойын­шылар шақырттық. Шығындану осы жерден бас­талды. Ойнаса да, ойнамаса да келiсiмшартқа отыр­ған ойыншыларға жалақы төлеуге тура келдi. Клубты мемлекеттiк мекеме ету керек. Мен қазiр осыны кө­терiп жатырмын. Сол кезде ғана мәселенi дер кезiнде шешуге болады. 240 мил­лион теңге қарызға байланысты облыстық футбол федерациясы демеушiлер­ден 50 миллион теңгедей ғана қар­жы тапты. Амал қайсы, бiрiншi лигада ойнаймыз ендi, бұйыртса…”.
Шоңмұрынұлы түбi осылай болатынын бiлген, бiрақ қауiптiң алдын алуға ешқандай мүмкiндiк табылмапты. “Қайсардың” басындағы жағдай “Ақжайық” пен “Атырау” клубтарында да болды. Дегенмен, қос клубты тығырықтан басшылары құтқара бiлдi. Не дерсiң, есiл еңбек еш кеттi. Бiздi құртатын осы ғой – қауқарсыздық, қаннен-қаперсiз­дiк. Бұдан кейiн “футболды дамытамыз” деп бiреудi сен­дiрiп көрiңiз.
Нағымжан САУЯЕВ,
«ЖАС АЛАШ»
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×